Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 10.01.2013 N 13-74 шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексiнiң 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарқан ауданы бойынша жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2012 жылға қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Сарқан аудандық мәслихатының
кезектен тыс № 54-ші
сессиясының төрағасы К. Тажиева
Сарқан аудандық
мәслихатының хатшысы Ғ. Рахметқалиев
КЕЛІСІЛДІ:
Сарқан ауданы бойынша
салық басқармасының бастығы Ахметжанов Мырзахара Жунисович
29 желтоқсан 2011 жыл
Сарқан аудандық мәслихатының
2011 жылғы 29 желтоқсандағы
"Сарқан ауданы бойынша жүзеге
асыратын барлық салық төлеушілер
үшін бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын 2012 жылға белгілеу
туралы" № 54-317 шешiмiне
қосымша
Сарқан ауданы бойынша жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер
үшін 2012 жылға арналған бірыңғай тіркелген салық ставкалары
№ |
Салық салынатын объектiнiң атауы |
Бiрыңғай белгiленген |
1 |
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге |
1 |
2 |
Бiреуден артық ойыншылардың |
1 |
3 |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелi |
3 |