Сарқан ауданы бойынша жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2013-2014 жылдарға белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қаңтардағы N 13-74 шешімі, Алматы облысының Әділет департаментінде 2013 жылы 30 қаңтарда N 2293 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 09 ақпандағы № 49-251 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 09.02.2015 № 49-251 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы
      сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексiнiң 422-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарқан ауданы бойынша жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары 2013-2014 жылдарға қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Сарқан аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы "Сарқан ауданы бойынша жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2012 жылға белгілеу туралы" (Сарқан ауданының Әділет басқармасында 2012 жылдың 13 қаңтарында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-17-109 нөмірімен енгізілген, 2012 жылғы 19 қаңтарда N 4 (8951) "Сарқан" газетінде жарияланған) N 54-317 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      сессиясының төрағасы:                      Қ.Кильчабаев

      Сарқан аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Абдрахманов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Сарқан ауданы бойынша
      салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Ахметжанов Мырзахара Жұнісұлы
      10 қаңтар 2013 жыл

Сарқан аудандық мәслихатының
2013 жылғы 10 қаңтардағы
"Сарқан ауданы бойынша
жүзеге асыратын барлық
салық төлеушілер үшін
бірыңғай тіркелген салық
ставкаларын 2013-2014 жылдарға
белгілеу туралы" N 13-74 шешiмiне
қосымша

Сарқ ан ауданы бойынша жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін 2013-2014 жылдарға арналған
бірыңғай тіркелген салық ставкалары

N

Салық салынатын объектiнiң атауы

Бiрыңғай белгiленген
салықтар (айлық есептiк
көрсеткiш)

1

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге
арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Бiреуден артық ойыншылардың
қатысуымен ойын өткiзуге арналған
ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын
дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелi

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады