Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 04.10.2018 № 31/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшері белгіленсін (қосымша).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
мәслихат хатышысы | В. Свиридов |
КЕЛІСІЛДІ | |
Теміртау қаласы бойынша салық | |
басқармасының басшысы | |
А.Ж. Нұрпейісов |
29 сәуір 2013 жыл
Теміртау қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 26 сәуірдегі 15 сессиясының N 15/5 шешіміне қосымша |
Теміртау қаласында орналасқан салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 09.06.2015 N 39/5 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Рет № | Салық салу объектісінің атауы | Айына 1 объектіге белгіленген тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 5 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 7 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 25 |
5 | Карт | 7 |
6 | Бильярд үстелі | 7 |