Теміртау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі 15 сессиясының № 15/5 "Салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 39/5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 маусымда № 3278 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 4 қазандағы № 31/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 04.10.2018 № 31/4 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Теміртау қаласы әкімінің бір салық салынатын нысанға тіркелген салық мөлшерлемесін өзгерту жөніндегі ұсынысын қарап және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Теміртау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі 15 сессиясының № 15/5 "Салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2339 нөмірімен тіркелген, "Новый Теміртау" газетінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 22 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы,


мәслихат хатшысы

В. Свиридов


      КЕЛІСІЛДІ

      Теміртау қаласы бойынша

      мемлекеттік кірістер

      басқармасының басшысы

      ____________А.Д. Нұрпейісов

      "9" маусым 2015 жыл


  Теміртау қалалық мәслихатының
  2015 жылғы 9 маусымдағы
  39 сессиясының № 39/5
  шешіміне қосымша


  Теміртау қалалық мәслихатының
  2013 жылғы 26 сәуірдегі
  15 сессиясының № 15/5
  шешіміне қосымша

Теміртау қаласында орналасқан салық салу объектісінің бірлігінен тіркелген салық ставкаларының мөлшері

Рет



Салық салу объектісінің атауы


Айына 1 объектіге белгіленген тіркелген салық ставкасы

(айлық есептік көрсеткіш)


1


Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы


5


2


Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы


7


3


Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер


1


4


Ойын жолы


25


5


Карт


7


6


Бильярд үстелі


7



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады