Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округінің әкімінің 22.08.2024 № 04 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Сарытерек селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек селолық округінің "Ақсай" қыстағы аумағында қой және ешкі малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарытерек селолық | |
округінің әкімі м.а. | Б. Айтбаев |