Шектеу іс-шараларын тоқтату және Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 29 қазандағы № 1 "Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек селолық округінің "Ақсай" қыстағы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 04 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 тамызда № 6640-09 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Занының 27-бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек селолық округінің "Ақсай" қыстағының аумағында қой және ешкі малдарының арасында бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек селолық округінің "Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек селолық округінің "Ақсай" қыстағы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" 2013 жылғы 29 қазандағы № 1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2413 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарытерек ауылдық округінің әкімі К. Серкебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады