Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек селолық округінің "Ақсай" қыстағы аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек селолық округі әкімінің 2013 жылғы 29 қазандағы N 1 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 6 қарашада N 2413 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округінің әкімінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 04 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек ауылдық округінің әкімінің 22.08.2024 № 04 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Сарытерек селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Сарытерек селолық округінің "Ақсай" қыстағы аумағында қой және ешкі малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сарытерек селолық


округінің әкімі м.а.

Б. Айтбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады