"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 8, 27 баптарына және 2005 жылғы 21 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Ішкі сауда ережесіне" сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Қаулының орыс тіліндегі мәтінінің кіріспе бөлігіне өзгеріс енгізіліп, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 18.02.2014 N 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қосымшаға сәйкес Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгіленсін..
2. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е. Қалиевке жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 18.02.2014 N 267 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қармақшы ауданының әкімі | Н. Шамұратов |
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы "12" шілдедегі N 8 қаулысына қосымша |