"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 12 шілдедегі N 8 "Қармақшы ауданында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4489 нөмірімен тіркелген, 2013 жылы 9 қарашада "Қармақшы таңы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының орыс тіліндегі мәтінінің кіріспе бөлігіне өзгеріс енгізіліп, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданының әкімі | Н. Шамұратов |
Қармақшы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы "18" ақпандағы N 267 қаулысына қосымша Қармақшы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы "12" шілдедегі N 8 қаулысына қосымша |