Қармақшы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 295 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң келесi қаулыларының күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қармақшы ауданында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн орындарды белгiлеу туралы" Қармақшы ауданы әкімінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 13 тамызда № 4489 тіркелді, 2013 жылғы 9 қарашасында №102 "Қармақшы таңы" газетінде жарияланған;
      2) "Қармақшы ауданында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн орындарды белгiлеу туралы" Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 12 шiлде 2013 жылғы № 8 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 267 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 наурызда № 4616 тіркелді, 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 25 (9279) "Қармақшы таңы" газетінде жарияланған.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы Б. Шерниязовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қармақшы ауданы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы Ә. Қошалақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады