"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы N 2153 "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 21 желтоқсанында N 4374 болып тіркелген, "Өскен өңір" газетінің 2012 жылдың 14 қаңтарында N 5-6 (8060-61) жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бес проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін."
мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Ысмағұловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Ергешбаев |