Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № 2153 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 21 желтоқсанда № 4374 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016жылғы 02 ақпандағы № 731 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 02.02.2016 № 731 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексі" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексінің 21-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңының 7 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бес проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 17.07.2013 N 221 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота үш процент мөлшерінде квотасы белгіленсін.
      2-1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 17.07.2013 N 221 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)..
      3. "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" (бастығы И.Байкенжеев) мемлекеттiк мекемесi квотаға сәйкес жұмысқа орналасу үшiн жұмыс орындарына жiберудi қамтамасыз етсiн.
      4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Оңғаровқа жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмiнің
      міндетін атқарушы Қ. Оңғаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады