"Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Шиелі ауданы әкімдігінің 27 қараша 2012 жылғы N 2153 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 17 шілдедегі № 221 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 07 тамызда № 4484 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 02 ақпандағы № 731 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 02.02.2016 № 731 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шиелі ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы N 2153 "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 21 желтоқсанында N 4374 болып тіркелген, "Өскен өңір" газетінің 2012 жылдың 14 қаңтарында N 5-6 (8060-61) жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін бес проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін."
      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Ысмағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі М. Ергешбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады