Түпқараған ауданының "Дана", "Жарас", "Әулет" шаруа қожалықтары аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 288 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 қазанда № 2302 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2013 жылғы 1 тамыздағы № 01-46/1799 ұсынысының негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Түпқараған ауданының "Дана", "Жарас", "Әулет" шаруа қожалықтарында қауын шыбыны карантинді объектісінің анықталуына байланысты көрсетілген шаруа қожалықтарының аумақтарында карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақ белгіленсін.

      2. Алынып тасталды- Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.08.2020 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

А. Айдарбаев


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция комитетінің

      Маңғыстау облыстық аумақтық

      инспекциясының басшысы

      Р. Түменов

      24 қыркүйек 2013 жыл

      Облыстық ауыл шаруашылығы

      басқармасы басшысының

      міндетін атқарушы

      К. Ерғалиев

      24 қыркүйек 2013 жыл

      Түпқараған ауданы әкімінің

      міндетін атқарушы

      Т.А. Алтынғалиев

      24 қыркүйек 2013 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 288
қаулысымен бекітілген

Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Алынып тасталды- Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.08.2020 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территориях крестьянских хозяйств "Дана", "Жарас", "Аулет" Тупкараганского района

Постановление акимата Мангистауской области от 24 сентября 2013 года № 288. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 10 октября 2013 года № 2302.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 9-1 Закона Республики Казахстан от 11 февраля 1999 года "О карантине растений" и на основании представления Мангистауской областной территориальной инспекции Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 августа 2013 года № 01-46/1799, акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. В связи с выявлением карантинного объекта дынной мухи в крестьянских хозяйствах "Дана", "Жарас", "Аулет" Тупкараганского района установить карантинную зону с введением карантинного режима на территориях указанных крестьянских хозяйств.

      2. Исключен постановлением акимата Мангистауской области от 24.08.2020 № 133 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Государственному учреждению "Областное управление сельского хозяйства" обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в средствах массовой информации и размещение на интернет-ресурсе акимата Мангистауской области.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Чужегулова А.А.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Аким области

А. Айдарбаев


      "СОГЛАСОВАНО"

      руководитель Мангистауской областной

      территориальной инспекции

      Комитета государственной инспекции

      в агропромышленном комплексе

      Министерства сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      Туменов Р.

      24 сентября 2013 года

      исполняющий обязанности

      руководителя областного управления

      сельского хозяйства

      Ергалиев К.

      24 сентября 2013 год

      исполняющий обязанности

      акима Тупкараганского района

      Алтынгалиев Т.А.

      24 сентября 2013 год

  Утвержден
постановлением акимата
Мангистауской области
от 24 сентября 2013 года № 288
 

План мероприятий по локализации и ликвидации очагов распространения карантинных объектов

      Сноска. Исключен постановлением акимата Мангистауской области от 24.08.2020 № 133 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).