РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының 2013 жылғы 1 тамыздағы № 01-46/1799 ұсынысының негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түпқараған ауданының "Дана", "Жарас", "Әулет" шаруа қожалықтарында қауын шыбыны карантинді объектісінің анықталуына байланысты көрсетілген шаруа қожалықтарының аумақтарында карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақ белгіленсін.
2. Алынып тасталды- Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.08.2020 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.А. Шөжеғұловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Айдарбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Маңғыстау облыстық аумақтық
инспекциясының басшысы
Р. Түменов
24 қыркүйек 2013 жыл
Облыстық ауыл шаруашылығы
басқармасы басшысының
міндетін атқарушы
К. Ерғалиев
24 қыркүйек 2013 жыл
Түпқараған ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Т.А. Алтынғалиев
24 қыркүйек 2013 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 288 қаулысымен бекітілген |
Карантинді объектілердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
Ескерту. Алынып тасталды- Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.08.2020 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.