Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 288 "Түпқараған ауданының "Дана", "Жарас", "Әулет" шаруа қожалықтары аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 133 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 4270 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы "Өсімдіктер карантині туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 288 "Түпқараған ауданының "Дана", "Жарас", "Әулет" шаруа қожалықтары аумақтарында карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2302 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Маңғыстау" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      2 тармақ алынып тасталсын.

      2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.С. Қалдығұл) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Б.А. Қашақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі С. Трумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады