РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-1) және 14-3)тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6)тармақшаларына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 27.10.2014 № 281 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Түпқараған ауданында жұмыс орындарына жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген квотаға сәйкес, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бос жұмыс орындарына орналасу бағытын қамтамасыз етеді.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Т.Асауов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түпқараған аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Жарылгапова Оразгуль Бекиевна
"13" мамыр 2013 жыл