Түпқараған ауданында қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 112 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 маусымда № 2249 болып тіркелді. Күші жойылды Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 236 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 09.12.2016 № 236 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-1) және 14-3)тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6)тармақшаларына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 27.10.2014 № 281 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Түпқараған ауданында жұмыс орындарына жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде қылмыстық – атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленген квотаға сәйкес, қылмыстық - атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай - ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін бос жұмыс орындарына орналасу бағытын қамтамасыз етеді.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Алтынғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т.Т.Асауов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Жарылгапова Оразгуль Бекиевна
      "13" мамыр 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады