РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 3 шілдедегі № 124-V Қазақстан Республикасы Заңдарына және Маңғыстау облысы әділет департаментінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 02-11-758 "Заң бұзуды жою туралы" Ұсынысы, сондай-ақ Түпқараған ауданы прокуратурасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 2-110714-00703 наразылығы негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түпқараған ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2013 жылғы 13 мамырдағы № 112 Түпқараған ауданы әкімдігінің қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2249 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 ақпандағы № 07 /633-634/) "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 14-1) және 14-3)тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5-5), 5-6)тармақшаларына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. "Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Дощанов) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Алтынғалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Асауов |