Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 3/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырып қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді- Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 25.04.2019 № 40/393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы"Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы"2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).
4. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы шешімді аудан әкімдігінің ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етсін (Б.Назар).
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Курбанов |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | Б. Назар |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы Ж. Тұманбаева
19 қараша 2013 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық экономика
және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ш. Сұңғат
19 қараша 2013 жыл
Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 04 ақпандағы № 29/298 шешіміне 1 қосымша |
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері
Ескерту. 1 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 03.10.2019 № 45/437 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Санаттар тізбесі | Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеме | Шекті мөлшерлер | Өтініш білдіру мерзімдері | Төлеу мерзімділігі |
Табысы есептелмей өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек | |||||
1 | Өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар | Сұрапыл апат немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлгігіне зиян келтіру | 120 250 теңгеден артық емес | Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей | Жылына бір рет |
Өтініш берушінің денсаулығына байланысты мемлекеттік жәрдемақы алмайтын келесі әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық аурулар, арнаулы туберкулезге қарсы медициналық мекемелерден шығарылған аурулар, иммуннитет тапшылығы вирусы жұққан аурулар және қант диабеті ауруы | 60 125 теңгеден артық емес | Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей | Жылына бір рет | ||
1.1 | Облыс әкімінің гранты негізінде қабылданған күндізгі бөлімде оқитын студенттер | Жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері мен оқу нысандары бойынша жоғарғы оқу орындарында оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса Ұлттық Біріңғай Тестілеу немесе Кешенді Тестілеу нәтижелері бойынша сертификаттар балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі |
1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері; |
Жыл сайын |
Оқу ақысын төлеу |
Табысы есептеліп өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек | |||||
2 | Мүгедек студенттер | Өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 4 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім-шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың (резидентура) академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу |
1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері; |
Жыл сайын |
Оқу ақысын төлеу |
3 |
1) Тұл жетім студенттер, балалар үйінің, балалар ауылының тәрбиеленушілері; | Мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын, білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт кешендерін қамтамасыз ету, байланыс, туризм салаларының, сондай-ақ, экономиканың дамушы салаларында маркетинг пен менеджмент, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгерген білікті мамандарды даярлау мақсатында, өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 4 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу |
1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері; |
Жыл сайын |
Оқу ақысын төлеу |
4 | Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсанындағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңының 6 бабында қарастырылған негіздеме бойынша тұлғалар (отбасылар); емделуге отбасы мүшесінің біреуі қайтыс болуына байланысты, тұрмыстық қажеттіліктерге, дәрі дәрмек, мектепке керек жарақтарын алуға мұқтаж басқада тұлғалар (отбасылар) | Өтініш беру алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы | 96 200 теңгеден артық емес | Өтініш берген күннен бастап | Жылына бір рет |
5 | Көпбалалы отбасылар | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын, бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және оданда көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында күндізгі нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар) | 100 (жүз) мың теңге | - | Жылына бір рет |
Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 04 ақпандағы № 29/298 шешіміне 2 қосымша |
Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері, алушылар санаттарының тізбесі
Ескерту. 2 - қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 03.10.2019 № 45/437 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Атаулы күндер мен мерекелік күндер тізімі | Санаты | Әлеуметтік көмек мөлшері | Әлеуметтік көмек төлеу мерзімділігі |
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар | ||||
1 | 22 наурыз – Наурыз мерекесі | "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар, Бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының "Батыр ана", "Аналық даңқ" (1,2,3 дәрежесі) ордендерімен, "Аналық медалі" (2 дәрежесі) медалімен марапатталған көп балалы аналар | 4 810 теңге | Жылына бір рет |
Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі балалар | 12 025 теңге | Жылына бір рет | ||
2 | 1986 жыл 26 сәуір –Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні | Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғалар | 144 300 теңге | Жылына бір рет |
1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар | 120 250 теңге | Жылына бір рет | ||
1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылар | 48 100 теңге | Жылына бір рет | ||
3 | 1 мамыр – Қазақстан Халқының бірлігі мерекесі | Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 12 025 теңге | Жылына бір рет |
4 | 9 мамыр – Жеңіс күні | Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері | 240 500 теңге | Жылына бір рет |
Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар (Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жою салдарынан мүгедек болған тұлғалардан басқа) | 144 300 теңге | Жылына бір рет | ||
Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалар (1986-1987 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысушылардан басқа) | 120 250 теңге | Жылына бір рет | ||
Ұлы Отан соғыс жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар | 96 200 теңге | Жылына бір рет | ||
Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлердің қайта некеге отырмаған жесірлері, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңының 4 бабаның 3,4 тармақтарында көрсетілген тұлғалар | 96 200 теңге | Жылына бір рет | ||
Ауғаныстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызмет арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасылары, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары: Чернобыль атом электр станциясындағы апаттық және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқада радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары: сәуле аурулары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттық және азаматтық немесе әскери мақсаттағы обьектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасылары | 96 200 теңге | Жылына бір рет | ||
Екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерi (күйеулерi) | 96 200 теңге | Жылына бір рет | ||
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, соғыста қаза тапқан майдангерлердің отбасы мүшелері мен туыстарының батыр қалаларға және әскери Даңқ қалаларына, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің аумағында шайқас болған жерлерге баруын қамтамасыз ету мақсатында өтініш білдірген азаматтарға | 150 000 теңгеден артық емес | 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін | ||
5 | 1 маусым– Балаларды қорғау күні | 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтың мүгедек балалары және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 12 025 теңге | Жылына бір рет |
6 | 29-тамыз Полигонның жабылуы | Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар | 20 000 теңге | Жылына бір рет |
7 | 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні | Асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (балаларға) алушылар | 19 240 теңге | Жылына бір рет |
Қазақстан Республикасы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар | 144 300 теңге | Жылына бір рет | ||
Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 12 025 теңге | Жылына бір рет | ||
8 | 6 қазан – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні | Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 12 025 теңге | Жылына бір рет |
9 | 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні | Барлық топтағы мүгедектер, 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар | 12 025 теңге | Жылына бір рет |
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын тұлғалар санаты | ||||
10 | 1 қазан – Халықаралық қарттар күні | Жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлер | 4 810 теңге | Жылына бір рет |
11 | 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні | 1991 жылға дейін Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар | 86 580 теңге | Жылына бір рет |