Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосында" деген сөз "ауылында" деген сөзбен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді - Қостанай облысы әкімдігінің 08.09.2014 № 444 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау комитетінің Қостанай
облысы бойынша департаменті"
мемлекеттік мекемесінің директоры
_______________ Б. Кенжебаев
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_______________ Г. Оспанбекова
Әкімдіктің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 28 қаулысына қосымша |
Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ
элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде
жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары
Су | Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері | |||||
І-белдеу | ІІ-белдеу | ІІІ-белдеу | ||||
Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | Шекарасы | Ауданы | |
№ 128 |
Радиусі- |
0,785 |
Радиусі- |
5,85 |
Радиусі |
292,4 |
Ескерту: "Қостанай облысының Қарабалық ауданы Тоғызақ элеваторының аумағындағы Тоғызақ ауылында № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары І, ІІ, ІІІ белдеулерінің санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Тоғызақ элеваторы" акционерлік қоғамы).