Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 28 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 19 ақпанда № 4018 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосында" деген сөз "ауылында" деген сөзбен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді - Қостанай облысы әкімдігінің 08.09.2014 № 444 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық
      сақтау министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің Қостанай
      облысы бойынша департаменті"
      мемлекеттік мекемесінің директоры
      _______________ Б. Кенжебаев
      "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылығы министрлігі Су ресурстары
      комитетінің Су ресурстарын пайдалануды
      реттеу және қорғау жөніндегі
      Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ Г. Оспанбекова

  Әкімдіктің
2013 жылғы 28 қаңтардағы
№ 28 қаулысына қосымша

Қарабалық ауданының Тоғызақ ауылында Тоғызақ
элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде
жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың
санитарлық қорғау аймақтары

Су
тарту
көзінің
атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

Шекарасы

Ауданы

№ 128
ұңғыма

Радиусі-
әр
ұңғыманың
айнала-
сында
50 метр

0,785
гектар

Радиусі-
әр
ұңғыманың
айнала-
сында
136,5
метр

5,85
гектар

Радиусі
-әр ұң-
ғыманың
айнала-
сында
965 метр

292,4
гектар

      Ескерту: "Қостанай облысының Қарабалық ауданы Тоғызақ элеваторының аумағындағы Тоғызақ ауылында № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтары І, ІІ, ІІІ белдеулерінің санитарлық-гидрологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары көрсетілген (Тапсырыс беруші "Тоғызақ элеваторы" акционерлік қоғамы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады