Әкімдіктің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 28 "Қарабалық ауданының Тоғызақ селосында Тоғызақ элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 444 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қыркүйекте № 5103 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 28 "Қарабалық ауданының Тоғызақ селосында Тоғызақ элеваторының аумағындағы № 128 ұңғыма учаскесінде жер асты сулары шаруашылық-ауыз су тартудың санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4018 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 ақпанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосында" деген сөз "ауылында" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Қоршаған
      ортаны және су ресурстары
      министрлігінің Су ресурстарын
      пайдалануды реттеу және қорғау
      жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік
      инспекциясы" республикалық
      мемлекеттiк мекемесінің басшысы
      ________________ Г. Оспанбекова

      "Қазақстан Республикасы
      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      агенттігінің Қостанай облысы
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау
      департаменті" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _______________ А. Қамшымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады