Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 13.02.2018 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 21 шілдедегі № 178 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-113 тіркелген, 2009 жылғы 28 тамызда "Торғай" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Арқалық қалалық | |
мәслихатының кезекті | |
VІ сессиясының төрайымы | К. Джанабаева |
Арқалық қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Н. Шалдыбаев |
КЕЛIСIЛДI: | |
"Қазақстан Республикасы қаржы | |
Министрлігінің салық комитеті | |
Қостанай облысы бойынша салық | |
Департаментінің Арқалық қаласы | |
бойынша салық басқармасы" | |
мемлекеттiк мекемесiнің басшысы | |
_______________ Б. Алмағамбетов |
Мәслихаттың 2013 жылғы 23 мамырдағы № 105 шешiмiне қосымша Мәслихаттың 2009 жылғы 21 шілдедегі № 178 шешiмiне қосымша |
Арқалық қаласының әкімшілік аумағында
қызметін жүзеге асыратын барлық салық
төлеушілер үшін айына салық салу
объектісінің бірлігіне бірыңғай
тіркелген салық ставкалары
№ | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бильярд үстелі | 3 |
2 | Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
3 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
4 | Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 2 |
5 | Ойын жолы | 5 |
6 | Карт | 6 |