Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2009 жылғы 21 шілдедегі № 178 шешімі. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 тамызда № 9-3-113 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 155 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 13.02.2018 № 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422-бабының 2-тармағына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Ойын бизнесі (ақшалай ұтыссыз ойын автоматтары, бильярд) бойынша белгіленген сомалық салықтың ставкалары туралы" 2004 жылғы 4 мамырдағы № 59 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2928 санымен тіркелген, 2004 жылғы 28 мамырдағы № 21 "Торғай" апта сайынғы газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Арқалық қалалық мәслихатының


кезекті ІХ сессиясының


төрағасы

А. Мұқанов

Арқалық қалалық мәслихатының


хатшысы

Қ. Ағуанов


      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы қаржы

      Министрлігінің салық комитеті

      Қостанай облысы бойынша салық

      Департаментінің Арқалық қаласы

      бойынша салық басқармасы"

      мемлекеттiк мекемесi бастығының

      міндетін атқарушысы

      __________________ З. Кабенова

      2009 жыл "24" шілдедегі

  Мәслихаттың
2009 жылғы 21 шілдедегі
№ 178 шешiмiне қосымша
Мәслихаттың
2013 жылғы 23 мамырдағы
№ 105 шешiмiне қосымша

Арқалық қаласының әкімшілік аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің
бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 23.05.2013 № 105 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

Салық салу

объектісінің атауы

Бірыңғай тіркелген

салық ставкаларының

мөлшері (айлық

есептік көрсеткіш)

1

Бильярд үстелі

3

2

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын

дербес компьютер

1

3

Бір ойыншымен ойын өткізуге

арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

4

Бiреуден артық ойыншылардың

қатысуымен ойын өткiзуге

арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

5

Ойын жолы

5

6

Карт

6


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады