Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2018 жылғы 13 ақпандағы № 155 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 наурызда № 7573 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Ш. Досов
      Мәслихат хатшысы Г. Елтебаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы қаржы

      министрлігі мемлекеттік кірістер

      комитетінің Қостанай облысы

      бойынша мемлекеттік кірістер

      департаменті Арқалық қаласы

      бойынша мемлекеттік кірістер

      басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ___________________ М. Бейсенов

      2018 жыл "13" ақпан

  Мәслихаттың
2018 жылғы 13 ақпандағы
№ 155 шешіміне
қосымша

Мәслихаттың күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 21 шілдедегі № 178 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-113 тіркелген, 2009 жылғы 28 тамызда "Торғай" газетінде жарияланған) шешімі.

      2. Мәслихаттың 2010 жылғы 11 ақпандағы № 238 "Мәслихаттың 2009 жылғы 21 шілдедегі № 178 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-126 тіркелген, 2010 жылғы 2 сәуірде "Торғай" газетінде жарияланған) шешімі.

      3. Мәслихаттың 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 393 "Мәслихаттың 2009 жылғы 21 шілдедегі № 178 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-159 тіркелген, 2012 жылғы 3 ақпанда "Торғай" газетінде жарияланған) шешімі.

      4. Мәслихаттың 2013 жылғы 23 мамырдағы № 105 "Мәслихаттың 2009 жылғы 21 шілдедегі № 178 "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4173 тіркелген, 2013 жылғы 26 шілдеде "Торғай" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады