Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 195 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қаңтарда № 4418 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 11.05.2016 № 27 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезекті тоғызыншы
      сессия төрайымы З. Сүлейменова
      Аудандық
      мәслихат хатшысы Ә. Саматов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ______________________ М. Тобағабулов
      "Аманкелді ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _____________________ М. Сакетов

  Мәслихаттың
2013 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 195 шешімімен бекітілген

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн
белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың қағидалары

      1. Жалпы ережелер
      1. Осы Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына (бұдан әрi – Үлгiлiк қағидалар) сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
      1) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      3) ең төменгi күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органымен есептелетін мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
      4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
      6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкiлеттi ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны;
      8) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;
      9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
      10) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi.
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергiлiктi атқарушы органдарымен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
      4. Жеңiс күнi – 9 мамыр мереке күнi болып табылады.
      2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесiн айқындау және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерiн белгiлеу тәртiбi
      5. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
      6. Ай сайынғы әлеуметтiк көмек табыстарын есепке алмай:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, 10 айлық есептік есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына тұрмыстық қажеттіліктеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 20.05.2014 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.12.2014 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      7. Өмiрлiк қиын жағдайға тап болған келесi азаматтарға, сондай-ақ мереке күнiне орай азаматтардың жекелеген санаттарына бiржолғы әлеуметтiк көмек:
      1) барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      2) барлық санаттағы мүгедектерге, шипажайларға және оңалту орталықтарына жол жүруге және керi қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      3) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын тұлғаларға, қосымша тамақтануға, табыстарын есепке алмай, 15 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      4) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған айдың алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі – ең төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ табыстарын есептемегенде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге арналған нақты шығындар бойынша жоғары білімді алуға байланысты шығындарды өтеу үшін, оқу жылы ішінде екі бөлініп аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен көп емес мөлшерінде;
      5) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен отбасыларының тұлғаларына, қайтыс болған күнi уәкiлеттi органда жұмыссыз ретiнде тiркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ табысы аз отбасылардың тұлғаларына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
      6) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;
      7) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 150000 теңге мөлшерінде;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғаларға, соғысқа қатысушыларына жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғалардың басқада санаттарына, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай, 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде көрсетiледi.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 24.12.2014 № 282 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
      3) жергiлiктi өкiлдi органдар ең төменгi күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлейтiн шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.
      Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегi Қостанай облысы бойынша белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң бiр еселiк мөлшерiнде.
      9. Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетiлген жағдайлар туындаған күнінен бастап үш айдан кешiктiрiлмей көрсетiледi.
      10. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
      3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
      11. Мереке күнiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергiлiктi атқарушы орган бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
      12. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген адамдар ай сайынғы әлеуметтiк көмек алу үшін, өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) алушының әлеуметтiк мәртебесін растайтын құжатты;
      3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты ұсынады.
      13. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
      3) Үлгiлiк қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
      4) осы Қағидалардың 7-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетiлген, адамдардың (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
      5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      15. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
      16. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгiлiк қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауыл, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
      Ауыл, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
      17. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
      18. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
      19. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      20. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
      21. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылдаған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету туралы не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 17 және 18-тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
      22. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
      23. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.
      24. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      25. Әлеуметтiк көмектi төлеу уәкiлеттi органмен екiншi деңгейдегi банктер немесе банктiк операциялардың тиiстi түрлерiне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүзеге асырылады.
      26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Амакелді ауданының бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
      4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату
      және қайтару үшiн негiздемелер
      27. Әлеуметтiк көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктін шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
      5. Қорытынды ереже
      29. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Решение маслихата Амангельдинского района Костанайской области от 28 декабря 2013 года № 195. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 27 января 2014 года № 4418. Утратило силу решением маслихата Амангельдинского района Костанайской области от 11 мая 2016 года № 27

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Амангельдинского района Костанайской области от 11.05.2016 № 27 (вступает в силу со дня его подписания).
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Амангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель очередной
      девятой сессии Сулейменова З.
      Секретарь
      районного маслихата Саматов А.

      СОГЛАСОВАНО:
      Руководитель государственного учреждения
      "Отдел занятости и социальных программ
      Амангельдинского района"
      _________________________ Тобагабулов М.
      Руководитель государственного учреждения
      "Отдел экономики и бюджетного планирования
      Амангельдинского района"
      _________________________ Сакетов М.

  Утвержден
решением маслихата
от 28 декабря 2013 года
№ 195

Правила оказания социальной помощи, установления размеров
и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

      1. Общие положения
      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее - Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.
      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:
      1) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;
      2) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;
      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики в областях, городе республиканского значения, столице;
      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;
      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      6) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;
      7) уполномоченная организация – Республиканское государственное казенное предприятие "Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан";
      8) уполномоченный орган – исполнительный орган города республиканского значения, столицы, района (города областного значения), района в городе в сфере социальной защиты населения, финансируемый за счет местного бюджета, осуществляющий оказание социальной помощи;
      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно–территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;
      10) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи.
      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местными исполнительными органами в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее - получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
      4. Праздничным днем является День Победы – 9 Мая.
      2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи
      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно, 1 раз в полугодие).
      6. Ежемесячная социальная помощь без учета доходов оказывается:
      1) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, на бытовые нужды, в размере 10 месячных расчетных показателей;
      2) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны на бытовые нужды в размере 3 месячных расчетных показателей.
      Сноска. Пункт 6 с изменениями, внесенными решениями маслихата Амангельдинского района Костанайской области от 20.05.2014 № 254 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 24.12.2014 № 282 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      7. Единовременная социальная помощь оказывается следующим гражданам, оказавшимся в трудной жизненной ситуации, а также отдельным категориям граждан к праздничному дню:
      1) инвалидам всех категорий, на оперативное лечение, без учета доходов, в размере не более 50 месячных расчетных показателей;
      2) инвалидам всех категорий, для возмещения расходов, связанных с их проездом в санатории и реабилитационные центры и обратно, без учета доходов, в размере не более 3 месячных расчетных показателей;
      3) лицам, больным заразной формой туберкулеза, выписанным из специализированной противотуберкулезной медицинской организации, на дополнительное питание, без учета доходов, в размере не более 15 месячных расчетных показателей;
      4) молодежи из семей со среднедушевым доходом ниже величины прожиточного минимума, установленного по Костанайской области (далее - прожиточный минимум) за последние двенадцать месяцев перед обращением, а также без учета доходов, молодежи, относящейся к социально уязвимым слоям населения, продолжающей обучение за счет средств местного бюджета, для возмещения расходов, связанных с получением высшего образования, по фактическим затратам на оплату обучения в организации образования, за исключением лиц, являющихся обладателями образовательных грантов, получателями иных выплат из государственного бюджета, направленных на оплату обучения в организации образования, перечисляемая двумя частями в течение учебного года в размере не более 400 месячных расчетных показателей;
      5) лицам из семей, имеющих среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума за квартал, предшествующий кварталу обращения, на погребение умерших родственников, супругов, зарегистрированных на день смерти в качестве безработных в уполномоченном органе, а также лицам из малообеспеченных семей на погребение несовершеннолетних детей, в размере 15 месячных расчетных показателей;
      6) гражданину (семье), пострадавшему вследствие стихийного бедствия или пожара, без учета доходов, в размере не более 50 месячных расчетных показателей;
      7) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, в размере 150000 тенге;
      8) лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, другим категориям лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, ко Дню Победы в Великой Отечественной войне, в размере 5 месячных расчетных показателей.
      Сноска. Пункт 7 с изменением, внесенным решением маслихата Амангельдинского района Костанайской области от 24.12.2014 № 282 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      8. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся при наступлении трудной жизненной ситуации являются:
      1) основания, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;
      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара либо наличие социально-значимого заболевания;
      3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами в кратном отношении к прожиточному минимуму.
      Порог среднедушевого дохода в размере однократного прожиточного минимума установленного по Костанайской области.
      9. Социальная помощь при наступлении трудной жизненной ситуации вследствие стихийного бедствия или пожара оказывается не позднее трех месяцев со дня наступления указанных событий.
      10. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.
      3. Порядок оказания социальной помощи
      11. Социальная помощь к праздничному дню, оказывается, по списку, утвержденному местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.
      12. Для получения ежемесячной социальной помощи лица, указанные в пункте 6 настоящих Правил, предоставляют заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подтверждающий социальный статус получателя;
      3) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства.
      13. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа предоставляет заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      3) сведения о составе лиц (семьи) согласно приложению 1 к Типовым правилам;
      4) сведения о доходах лиц (членов семьи), указанных в подпунктах 4), 5) пункта 7 настоящих правил;
      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации.
      14. Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      15. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган или аким села, сельского округа в течение одного рабочего дня направляют документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).
      16. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к Типовым правилам и направляет их в уполномоченный орган или акиму села, сельского округа.
      Аким села, сельского округа в течение двух рабочих дней со дня получения акта и заключения участковой комиссии направляет их с приложенными документами в уполномоченный орган.
      17. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.
      18. В случае невозможности предоставления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.
      19. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.
      20. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.
      21. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.
      В случаях, указанных в пунктах 17 и 18 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо об отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя или акима села, сельского округа.
      22. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.
      23. По одному из установленных оснований социальная помощь в течение одного календарного года повторно не оказывается.
      24. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:
      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;
      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);
      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного местным представительным органом порога для оказания социальной помощи.
      25. Выплата социальной помощи осуществляется уполномоченным органом путем перечисления денежных средств на банковский счет получателя социальной помощи через банки второго уровня или организации, имеющие лицензию Национального банка Республики Казахстан на соответствующие виды банковских операций.
      26. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Амангельдинского района на текущий финансовый год.
      4. Основания для прекращения и возврата
      предоставляемой социальной помощи
      27. Социальная помощь прекращается в случаях:
      1) смерти получателя;
      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы соответствующей административно-территориальной единицы;
      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;
      4) выявления недостоверных сведений, предоставленных заявителем.
      Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.
      28. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.
      5. Заключительное положение
      29. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".