Мәслихаттың 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 195 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2014 жылғы 20 мамырдағы № 254 шешімі. Қостанай облысының Әдңлет департаментінде 2014 жылғы 20 маусымда № 4861 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 11.05.2016 № 27 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 28 желтоқсандағы №195 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4418 тіркелген, 2014 жылғы 7 ақпанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, 10 айлық есептік есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс
      сессия төрағасы А. Ташимов
      Аудандық
      мәслихат хатшысы Ә. Саматов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Амангелді ауданы
      әкімдігінің жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      _________________ М. Тобағабулов
      "Амангелді ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" коммуналдық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _____________________ М. Сакетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады