Амангелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Амангелді ауданы мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 27 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қосымшаға сәйкес Амангелді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Заңмен белгіленген тәртіпте осы шешімнің көшірмесі әділет органдарына жолдансын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануы қамтамасыз етілсін.
      3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Кезектен тыс сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы Қ. Кеделбаев

  Мәслихаттың
2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 27 шешіміне қосымша

Амангелді аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 195 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4418 болып тіркелген, 2014 жылғы 7-14 ақпанда № 8 "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) шешімі.
      2. Мәслихаттың 2014 жылғы 20 мамырдағы № 254 "Мәслихаттың 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 195 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4861 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 шілдеде № 26 "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) шешімі.
      3. Мәслихаттың 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 282 "Мәслихаттың 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 195 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5293 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда № 4 "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) шешімі.
      4. Мәслихаттың 2015 жылғы 8 шілдедегі № 329 "Амангелді аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5785 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда № 31 "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) шешімі.
      5. Мәслихаттың 2016 жылғы 18 наурыздағы № 404 "Мәслихаттың 2015 жылғы 8 шілдедегі № 329 "Амангелді аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6236 болып тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде № 15 "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады