Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 195 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4418 тіркелген, 2014 жылғы 7 ақпанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармағы мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:
"2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға, соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына тұрмыстық қажеттіліктеріне 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.";
7-тармақтың 7) тармақашасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 150000 теңге мөлшерінде;".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезекті он үшінші | |
сессия төрағасы | А. Ташимов |
Аудандық мәслихат хатшысының | |
уақытша міндетін атқарушы | М. Есенова |