"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 33 "2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4012 тіркелген, 2013 жылғы 21 ақпанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Досмухамедовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Утешов