Әкімдіктің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 33 "2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 546 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 5 қарашада № 4286 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 33 "2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4012 тіркелген, 2013 жылғы 21 ақпанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
      2. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Досмухамедовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М. Утешов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады