2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 33 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 14 ақпанда № 4012 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 10.10.2013 № 546 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ (бір жыл және одан да көп) уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) қырық бес жастан асқан тұлғалар;
      3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
      4) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      5) уақытша және маусымдық жұмыстардың мерзімі аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған жұмыссыздар;
      6) бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқтар).
      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Досмухамедовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара
      ауданының әкімі                            К. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________________ А. Мекебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады