Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 02.02.2018 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 23 қарашадағы № 192 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларың белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-13-98 тіркелген, 2009 жылғы 23 желтоқсандағы "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" сөздерінен кейін (Салық кодексі) сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс сессиясының төрағасы, | |
Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы | С. Қазиев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша Салық
Департаментінің Қарасу ауданы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ Б. Сүлейменов