Мәслихаттың 2009 жылғы 23 қарашадағы № 192 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларың белгілеу туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2013 жылғы 22 қазандағы № 144 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 қарашада № 4318 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 196 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 02.02.2018 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2009 жылғы 23 қарашадағы № 192 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларың белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-13-98 тіркелген, 2009 жылғы 23 желтоқсандағы "Қарасу өңірі" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" сөздерінен кейін (Салық кодексі) сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессиясының төрағасы,
      Қарасу аудандық мәслихатының хатшысы С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      Министрлігі Салық комитетінің

      Қостанай облысы бойынша Салық

      Департаментінің Қарасу ауданы

      бойынша салық басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      ____________ Б. Сүлейменов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады