Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларың белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009 жылғы 23 қарашадағы № 192 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 желтоқсанда № 9-13-98 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2018 жылғы 2 ақпандағы № 196 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 02.02.2018 № 196 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына 15)–тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 22.10.2013 № 144 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларың қосымша бойынша белгілеу.

      2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу аудандық мәслихатының
      кезектен тыс сессиясының төрағасы Г. Гейко
      Қарасу аудандық
      мәслихатының хатшысы С. Қазиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы

      Қаржы Министрлігі Салық

      комитетінің Қостанай облысы

      бойынша Салық Департаментінің

      Қарасу ауданы бойынша салық басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      ___________________________ С.Ахметов

      2009.11.23.11


  Мәслихатының
2009 жылғы 23 қарашадағы
№ 192 шешіміне қосымша

Тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары

Салық салу
объектісінің атауы

Тіркелген салықтың
бірыңғай ставкаларының
мөлшері (айлық есептік
көрсеткішпен)

1

2

3

1

Бір ойыншымен ойын
өткізуге арналған,
ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық
ойыншылардың қатысуымен
ойын өткізуге арналған,
ұтыссыз ойын автоматы

1

3

Ойын өткізуге үшін,
пайдаланылатын жеке
компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады