Қарасу ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2014 жылға арналған қосымша тізбесін анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 242 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 4 желтоқсанда № 4328 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қарасу ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2014 жылға арналған қосымша тiзбесi қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары К.Ғ. Әлімжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімi                                А. Шәмшиев

Әкімдіктің       
2013 жылғы 31 қазандағы 
№ 242 қаулысына қосымша 

Қарасу ауданында халықтың нысаналы топтарына жататын
тұлғалардың 2014 жылға арналған қосымша тiзбесi

      1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
      2. Елу жастан асқан жұмыссыз тұлғалар.
      3. Үш ай және одан көп ай жұмыс iстемеген жұмыссыз тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады