Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 тамыздағы № 299 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 13 қыркүйекте № 4219 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 25.01.2016 № 9 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 29.09.2014 № 399 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 29.09.2014 № 399 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Э. Күзенбаев

      КЕЛIСIЛДI:

      Сарыкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _______________ А. Қарашолақов

Әкімдіктің       
2013 жылғы 20 тамыздағы 
№ 299 қаулысына қосымша 

Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде
жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық
айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар,
және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк
қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт
және ветеринария саласындағы мамандар
лауазымдарының тiзбесi

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 29.09.2014 № 399 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
      1) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі;
      2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
      3) жұмыспен қамту орталығының басшысы;
      4) жұмыспен қамту орталығының маманы.

      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мектептегі барлық мамандықтар мұғалімдері;
      2) мектеп директоры;
      3) мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
      4) қосымша білім беру ұйымының директоры;
      5) қосымша білім беру педагогы;
      6) педагог-психолог;
      7) әлеуметтік педагог;
      8) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
      9) директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары;
      10) бастапқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушысы;
      11) бейнелеу өнері жөніндегі оқытушы;
      12) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
      13) аға жетекші, жетекші;
      14) медициналық бике;
      15) емдәм бикесі;
      16) кітапханашы;
      17) әдістемеші;
      18) мұғалім-логопед;
      19) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
      20) музыкалық жетекші;
      21) хореограф;
      22) қазақ тілі аудармашысы.

      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
      2) мәдени ұйымдастырушы;
      3) бөлімше меңгерушісі;
      4) әдістемеші;
      5) аккомпаниатор;
      6) режиссер;
      7) музыкалық жетекші;
      8) хореограф;
      9) суретші;
      10) аудармашы;
      11) кітапханашы;
      12) библиограф;
      13) редактор;
      14) бағдарламашы;
      15) нұсқаушы.

      4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) спорт жөніндегі жаттықтырушы–оқытушы.
      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринарлық дәрігер;
      2) ветеринарлық фельдшер.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающих в сельской местности, являющихся гражданскими служащими и имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств районного бюджета

Постановление акимата Сарыкольского района Костанайской области от 20 августа 2013 года № 299. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 13 сентября 2013 года № 4219. Утратило силу постановлением акимата Сарыкольского района Костанайской области от 25 января 2016 года № 9

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Сарыкольского района Костанайской области от 25.01.2016 № 9 (вводится в действие со дня подписания).

      Сноска. Заголовок постановления - в редакции постановления акимата Сарыкольского района Костанайской области от 29.09.2014 № 399 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3 статьи 238 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Сарыкольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающих в сельской местности, являющихся гражданскими служащими и имеющих право на повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки, за счет средств районного бюджета согласно приложению.
      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления акимата Сарыкольского района Костанайской области от 29.09.2014 № 399 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                                Э. Кузенбаев

      СОГЛАСОВАНО:

      Секретарь Сарыкольского
      районного маслихата
      _______________ А. Карашулаков

Приложение       
к постановлению акимата 
от 20 августа 2013 года 
№ 299         

Перечень должностей специалистов в области
социального обеспечения, образования, культуры,
спорта и ветеринарии, работающих в сельской местности,
являющихся гражданскими служащими и имеющих право на
повышенные не менее чем на двадцать пять процентов
должностные оклады и тарифные ставки, за счет
средств районного бюджета

      Сноска. Приложение с изменениями, внесенными постановлением акимата Сарыкольского района Костанайской области от 29.09.2014 года № 399 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Должности специалистов социального обеспечения:
      1) заведующий отделением социальной помощи на дому;
      2) социальный работник по уходу;
      3) руководитель центра занятости;
      4) специалист центра занятости.

      2. Должности специалистов образования:
      1) учителя всех специальностей школы;
      2) директор школы;
      3) заведующий дошкольной организацией;
      4) директор организации дополнительного образования;
      5) педагог дополнительного образования;
      6) педагог-психолог;
      7) социальный педагог;
      8) заместитель директора по учебной работе;
      9) заместитель директора по воспитательной работе;
      10) преподаватель-организатор по начальной военной подготовке;
      11) преподаватель по изобразительному искусству;
      12) старший воспитатель, воспитатель;
      13) старший вожатый, вожатый;
      14) медицинская сестра;
      15) диетическая сестра;
      16) библиотекарь;
      17) методист;
      18) учитель-логопед;
      19) инструктор по физической культуре;
      20) музыкальный руководитель;
      21) хореограф;
      22) переводчик казахского языка.

      3. Должности специалистов культуры:
      1) руководитель государственного учреждения и казенного предприятия;
      2) культорганизатор;
      3) заведующий подразделением;
      4) методист;
      5) аккомпаниатор;
      6) режиссер;
      7) музыкальный руководитель;
      8) хореограф;
      9) художник;
      10) переводчик;
      11) библиотекарь;
      12) библиограф;
      13) редактор;
      14) программист;
      15) инструктор.

      4. Должности специалистов спорта:
      1) тренер-преподаватель по спорту.
      5. Должности специалистов ветеринарии:
      1) ветеринарный врач;
      2) ветеринарный фельдшер.