"Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" әкімдіктің 2013 жылғы 20 тамыздағы № 299 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 399 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 қазанда № 5119 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 25.01.2016 № 9 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актiлерiне агроөнеркәсiптiк кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн анықтау туралы" Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 20 тамыздағы № 299 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4219 тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйекте "Сарыкөл" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы";
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.";
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi";
      мынадай мазмұндағы 5-тармағымен толықтырылсын:
      "5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
      1) ветеринарлық дәрігер;
      2) ветеринарлық фельдшер.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыкөл
      ауданының әкімі                            Э. Күзенбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Сарыкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _______________ А. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады