Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 25.01.2016 № 9 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 29.09.2014 № 399 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 29.09.2014 № 399 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Э. Күзенбаев
КЕЛIСIЛДI:
Сарыкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
_______________ А. Қарашолақов
Әкімдіктің
2013 жылғы 20 тамыздағы
№ 299 қаулысына қосымша
Аудандық бюджет қаражаты есебiнен кемiнде
жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық
айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды алуға құқығы бар,
және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк
қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт
және ветеринария саласындағы мамандар
лауазымдарының тiзбесi
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 29.09.2014 № 399 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі;
2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер;
3) жұмыспен қамту орталығының басшысы;
4) жұмыспен қамту орталығының маманы.
2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) мектептегі барлық мамандықтар мұғалімдері;
2) мектеп директоры;
3) мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;
4) қосымша білім беру ұйымының директоры;
5) қосымша білім беру педагогы;
6) педагог-психолог;
7) әлеуметтік педагог;
8) директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
9) директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары;
10) бастапқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушысы;
11) бейнелеу өнері жөніндегі оқытушы;
12) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
13) аға жетекші, жетекші;
14) медициналық бике;
15) емдәм бикесі;
16) кітапханашы;
17) әдістемеші;
18) мұғалім-логопед;
19) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
20) музыкалық жетекші;
21) хореограф;
22) қазақ тілі аудармашысы.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
2) мәдени ұйымдастырушы;
3) бөлімше меңгерушісі;
4) әдістемеші;
5) аккомпаниатор;
6) режиссер;
7) музыкалық жетекші;
8) хореограф;
9) суретші;
10) аудармашы;
11) кітапханашы;
12) библиограф;
13) редактор;
14) бағдарламашы;
15) нұсқаушы.
4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) спорт жөніндегі жаттықтырушы–оқытушы.
5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
1) ветеринарлық дәрігер;
2) ветеринарлық фельдшер.