Сарыкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 9 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарыкөл ауданы әкімдігінің "Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2013 жылғы 20 тамыздағы № 299 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4219 тіркелген, 2013 жылы 26 қыркүйекте "Сарыкөл" аудандық газетінде жарияланған), "Аудандық бюджет қаражаты есебінен кемінде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" әкімдіктің 2013 жылғы 20 тамыздағы № 299 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 399 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5119 тіркелген, 2014 жылғы 30 қазанда "Пресс-Экспресс" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Э. Күзенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады