Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 15.06.2020 № 494/66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Тақырыбында және шешімнің барлық мәтіні бойынша:
"коммуналдық" деген сөзі "тұрмыстық қатты" сөздерімен ауыстырылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 14.07.2016 N 58/7 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 14.07.2016 N 58/7 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Тарифтер:
1 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға қосымша құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) есепке алғанда 1985,60 теңге сомасында;
бір адамға ҚҚС есепке алғанда (жеңілдік) 159,60 теңге мөлшерінде бекітілсін.
2. Павлодар қаласы әкімдігіне Павлодар қаласы тұрғындарына және заңды тұлғаларына осы тарифтердің қолданысқа енгізілетін мерзімі туралы хабарлау ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Е. Тілегенов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | М. Желнов |