Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 29.05.2023 № 32/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 404 бұйрығына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтер осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі "Павлодар қаласының аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифтерін бекіту туралы" № 147/19 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3545 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 маусымда "Шаһар" газетінде және 2013 жылғы 10 маусымда "Версия" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі "Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі "Павлодар қаласының аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару тарифтерін бекіту туралы" № 147/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 58/7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5217 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 тамызда "Звезда Прииртышья" газетінде және 2016 жылғы 30 тамызда "Сарыарқа самалы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының сессия төрағасы | С. Калижанова |
Павлодар қалалық мәслихатының хатшысы | З. Мукашева |
Павлодар қалалық маслихатының 2020 жылғы 15 маусымы № 494/66 шешіміне 1-қосымша |
Жеке тұлғалар үшін Павлодар қаласында тұрмыстық қатты
қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге
(кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді
есепке алмай) арналған тарифтер
Р/с № | Атауы | Есептік бірлік | Бағасы айына (теңге) |
1 | Тұрмысқа жайлы үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | 1 тұрғын | 288,15 |
2 | Тұрмысқа жайсыз үйлердің тұрғындары үшін қосылған құн салығын есепке алмай тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | 1 тұрғын | 295,54 |
Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 494/66 шешіміне 2-қосымша |
Заңды тұлғалар үшін Павлодар қаласында тұрмыстық
қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және
көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді
есепке алмай) арналған тариф
Р/с № | Атауы | Есептік бірлік | Бағасы айына (теңге) |
1 | Қосылған құн салығын есепке алмай, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | 1 м3 | 1773,25 |