Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі "Павлодар қаласының аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару тарифтерін бекіту туралы" № 147/19 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 шілдедегі № 58/7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 тамызда № 5217 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 494/66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 15.06.2020 № 494/66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 3-тармағы 5) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі "Павлодар қаласының аумағынан коммуналдық қалдықтарды шығару тарифтерін бекіту туралы" № 147/19 шешіміне (№ 3545 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестірінде тіркелді, 2013 жылғы 7 маусымда № 20 "Шаһар" газеті және 2013 жылғы 10 маусымда № 22 "Версия" газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:

      белгіленген шешімнің тақырыбы мен шешімнің барлық мәтіні бойынша "коммуналдық" деген сөз "тұрмыстық қатты" сөздеріне ауыстырлысын;

      белгіленген шешімнің преамбуласы келесі редакцияда баяндалсын: "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:";

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Қалижанова
      Қалалық мәслихаттың хатшысы З. Мұқашева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады