Павлодар қаласының аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі N 147/19 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 31 мамырда N 3545 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 494/66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 15.06.2020 № 494/66 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Тақырыбында және шешімнің барлық мәтіні бойынша:
      "коммуналдық" деген сөзі "тұрмыстық қатты" сөздерімен ауыстырылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 14.07.2016 N 58/7 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 14.07.2016 N 58/7 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Тарифтер:

      1 текше метр тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға қосымша құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) есепке алғанда 1985,60 теңге сомасында;

      бір адамға ҚҚС есепке алғанда (жеңілдік) 159,60 теңге мөлшерінде бекітілсін.

      2. Павлодар қаласы әкімдігіне Павлодар қаласы тұрғындарына және заңды тұлғаларына осы тарифтердің қолданысқа енгізілетін мерзімі туралы хабарлау ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е. Тілегенов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады