Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.09.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Орфандық аурулармен ауыратын науқастарды амбулаториялық емделу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: силденафил, траклир (бозентан), деферазирокс дәрілік заттары тегін берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.
3. Алматы қаласының мәслихаты (Т.аМұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған Алматы қаласы | |
мәслихаты XIX сессиясының | |
төрағасы, мәслихат хатшысы | Т. Мұқашев |