Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХI сессиясының 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 94 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 28 қыркүйекте № 24546 болып тіркелді

      Алматы қаласы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы мәслихатының 2020 жылғы 30 қазандағы № 497 "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеуінің тізілімінде № 1656 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы";

      көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін берілсін.";

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының хатшысы С. Канкуров

  Алматы қаласы
мәслихатының 2021 жылғы
18 қыркүйектегі № 94
шешіміне 1-қосымша
  Алматы қаласы
мәслихатының 2020 жылғы
30 қазандағы № 497
шешіміне қосымша

Алматы қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген
санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді,
медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы тізбесі

р/с №

Аурудың атауы

Дәрілік заттардың, арнайы емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың атауы

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар

1)

Өкпе гипертензиясы

"Силденафил"

2)

Муковисцидоз

"Тобрамицин" (Тоби, Бранитоб)
"Нутриэн"

3)

Буллездік эпидермолиз

"Судокрем"
"Солкосерил"
"Бепантен"
"Офломелид офлоксацин"
"Октенисепт"

4)

Вегенера Гранулемотозы

"Ритуксимаб"

5)

Қысқа ішек синдромы

"Смофкабивен Орталық"
"Солувит Н"
"Виталипид Н"
"Аддамель Н"
Стерофундин изотоникалық инфузияға арналған ерітінді
"ТауролокНер 100"
"Тауролок-Урокиназа 25.000"

6)

Бехчет ауруы,
Анкилозды спондилоартрит

"Инфликсимаб"

7)

Фабри ауруы

"Алгасидаза бета"

8)

Ювениалды артрит

"Тоцилизумаб"
"Адалимумаб"

9)

Ревматоидты артрит, анкилозды спондилоартрит

"Этанерцепт"

10)

OVERLAP синдромы, ревматоидты артрит, жүйелік склеродерма және жүйелі қызыл жегі бар дәнекер тінінің айқаспалы ауруы

"Бозентан"
"Ривароксабан"

11)

Фибрилляция және атриальды діріл

"Ривораксабан"

12)

Остеоартроз

"Эндопротез" (имплант)

13)

Жүйелі қызыл жегі

"Белимумаб"

14)

Созылмалы тромбоэмболиялық өкпе гипертензиясы

"Риоцигуат"

15)

Көп миелома

"Даратумумаб"

16)

Балалардың церебралды сал ауруы

"А типті ботулиндік токсин кешені-гемоглютенин" (диспорт)

17)

Перинаталдық кезеңде пайда болған бронхопульмональды дисплазия

"Паливизумаб"

18)

Жүйелік склеродерма

"Траклир"
"Виагра"

19)

Дюшен бұлшықет дистрофиясы

"Этеплирсен"
"Дефлазакорт"

20)

Жұлын бұлшықетінің атрофиясы

"Нусинерсен"

21)

Жалпыланған остеопороз

"Терипаратид"

22)

Өкпе обыры

"Алектиниб"

23)

1 типті қант диабеті

"Гларгин" (Лантус Соло Стар)

24)

Өңештің қатерлі ісігі

"Пембролизумаб"

25)

Симптоматикалық эпилепсия

"Клобазам" (Фризиум)
"Вигабатрин" (Сабрил)
"Лакосамид"
"Клоназепам"

26)

Мүшелер мен ұлпалар трансплантациядан кейінгі жағдай

"Эверолимус"
"Экулизумаб"

27)

Шашыраңқы склероз

"Диметилфумарат"

28)

Шашыраңқы склероз
(белсенділігі жоғары склероз)

"Кладрибин"

29)

Өкпе артериялық гипертензиясы

"Селексипаг"

30)

Өкпенің жоғарғы бөлігінің орталық қатерлі ісігі

"Пембролизумаб"

31)

Идиопатиялық өкпе гипертензиясы

"Мацитентан"

32)

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

"Физионил 40 глюкозамен"

33)

Фенилкетонурия

"Сапроптерин"

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі арнайы емдік өнімдер

34)

Целиакия

"Ұн қоспасы"
"Макарон өнімдері"
"Кондитерлік өнімдер"

3. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі медициналық бұйымдар

35)

Буллездік эпидермолиз

"Салфеткалар"
"Таңғыш"
"Бинт"

36)

Қысқа ішек синдромы

"Дискофикс С" үш жүрісті кранымен IntrafixSafe SetLuerLock инфузиялық желісі. 180 сантиметр REF 4063006 (Б. Браун)

IntrafixSafe SetLuerLock инфузиялық желісі "Дискофикс С" үш жүрісті кранымен 230 сантиметр REF 4063006 (Б. Браун)

Көктамыр ішіне инфузиялық ерітінділерді мөлшерлеуге, араластыруға, құюға және енгізуге арналған инфузиялық және трансфузиялық жүйелер (антифункционалды сүзгісі бар жарыққа төзімді ұзартқыш жүйе, көлемі 1,5 миллилитр) MF1646

150 сантиметрлік Original Perfusor-leitunLuer Lock ұзартқышы 4097408 (Б. Браун)

Инъекциялық мембранасы бар Ин-стоппер-штепсель 4238010 (Б. Браун)

HydrofilmRoll пластырі

Катетерлерді бекітуге арналған Tegaderm CHG стерильді таңғыштары

Стерильді салфеткалар

Өздігінен жабысатын стерильді төсегіш

  Алматы қаласы
мәслихатының 2021 жылғы
18 қыркүйектегі № 94
шешіміне 2-қосымша

Алматы қаласы мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Алматы қаласы мәслихатының "Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы" 2013 жылғы 28 тамыздағы № 154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1000 болып тіркелген) шешімі.

      2. Алматы қаласы мәслихатының "Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы" 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 33 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1320 болып тіркелген) шешімі.

      3. Алматы қаласы мәслихатының "Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы" 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1276 болып тіркелген) шешімі.

      4. Алматы қаласы мәслихатының "Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы" 2017 жылғы 24 мамырдағы № 104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1380 болып тіркелген) шешімі.

      5. Алматы қаласы мәслихатының "Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы" 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 184 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1441 болып тіркелген) шешімі.

      6. Алматы қаласы мәслихатының "Дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды қосымша беру туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы № 234 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1487 болып тіркелген) шешімі.

      7. Алматы қаласы мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы" 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 257 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1499 болып тіркелген) шешімі.

      8. Алматы қаласы мәслихатының "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" 2019 жылғы 27 мамырдағы № 357 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1568 болып тіркелген) шешімі.

      9. Алматы қаласы мәслихатының "Дәрілік заттарды қосымша беру туралы" 2019 жылғы 29 шілдедегі № 375 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1573 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады