Қосымша дәрі-дәрмектер беру туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 28 тамыздағы N 154 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2013 жылғы 30 қыркүйекте N 1000 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 18 қыркүйектегі № 94 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 18.09.2021 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Орфандық аурулармен ауыратын науқастарды амбулаториялық емделу кезінде азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша: силденафил, траклир (бозентан), деферазирокс дәрілік заттары тегін берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы И. Лиге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.

      3. Алматы қаласының мәслихаты (Т.аМұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

V сайланған Алматы қаласы


мәслихаты XIX сессиясының


төрағасы, мәслихат хатшысы

Т. Мұқашев







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады