Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 15.09.2015 № 367 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына және 47 бабының 4 тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1.-IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХXXVI сессиясының «Алматы қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерінде (таксиден басқа) жол ақы жеңілдігін беру туралы» 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 395 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 882 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 ақпандағы «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2.-Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
3.-Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.-Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
V сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
XXІII сессиясының төрағасы И. Ли
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары Ю. Ильин
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары М. Құдышев
Алматы қаласы Жолаушылар көлігі
басқармасының басшысы Т. Әбдірахманов
Алматы қаласы Экономика және
бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы С. Қабдолов
Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы Ә. Құлмаханов
Алматы қаласы Жастар саясаты
мәселелері жөніндегі
басқармасының басшысы С. Боқаев
Алматы қаласы Білім
басқармасының басшысы Р. Шимашева
Алматы қаласы Қаржы
басқармасының басшысы А. Әбдіқадырова
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы А. Қасымова
V сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXІII сессиясының
2013 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 198 шешіміне
қосымша
IV сайланған Алматы қаласы
мәслихатының XXXVІ сессиясының
2011 жылғы 18 қаңтардағы
№ 395 шешіміне
қосымша
Алматы қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Алматы қаласының қалалық қоғамдық (таксиден басқа, автомобиль және қалалық электр) көліктеріндегі жолақы үшін жеңілдікті айлық жол жүру билеттерінің түрлері және құны
1.-15 жастан жоғары жалпы білім беру мектебі оқушыларының жеңілдік айлық жол жүру билеті - бағасы 2000 (екі мың) теңге.
Билет құнының 1000 (бір мың) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 1000 (бір мың) теңгесі оқушылардың билет алған ақшасынан төленеді.
2.-Техникалық және кәсіби білім беру орындарында оқитын білім алушыларға, жоғарғы оқу орындары студенттерінің айлық жол жүру билеті -бағасы 5600 (бес мың алты жүз) теңге.
Билет құнының 2800 (екі мың сегіз жүз) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 2800 (екі мың сегіз жүз) теңгесі білім алушылардың немесе студенттердің билет алған ақшасынан төленеді.
3.-Жасына қарай зейнеткерлердің айлық жол жүру билеті–бағасы 4000 (төрт мың) теңге.
Билет құнының 2000 (екі мың) теңгесі тасымалдаушыларға жергілікті бюджет қаражатының есебінен, ал 2000 (екі мың) теңгесі зейнеткерлердің билет алған ақшасынан төленеді.
4.-Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің жеңілдетілген айлық жол жүру билеті - бағасы 1600 (бір мың алты жүз) теңге. Билеттің құны толығымен жергілікті бюджет қаражатының есебінен төленеді.
Ескерту: Айлық жол жүру билетінің бағасы қоғамдық көліктердегі жол ақысы төлемінің бір жол жүру ақысы 80 (сексен) теңге есебінен белгіленді. Айлық жол жүру билетінің бағасы жол жүру бағасы өзгерген кезде белгіленген бағаға мөлшерлес өзгереді.