Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы N 12-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 31 шілдеде N 2342 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 29.11.2016 № 7-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      V шақырылған ХII сессия
төрағасы
Х. Қаскербаев
      Аққайың ауданының
мәслихатының хатшысы
Қ. Құрманбаев
      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Аққайың аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Галыгина
      2013 жылғы 27 маусым
      "Аққайың аудандық
тұрғын үй коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
В. Бабинов
      2013 жылғы 27 маусым
      "Аққайың аудандық
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Е. Гонтарь

  2013 жылғы 27 маусым Аққайың ауданының мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 12-2 шешімімен бекітілген

Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аққайың ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлемiн;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға төлем;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі ("Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес абзац 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін колданыста болады).
      Аталған жерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізушілер ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі ("Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес абзац 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін колданыста болады).
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп–ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң қатынасы отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне Аққайың ауданының тұрғындары үшін 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 3.11.2015 № 36-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша "Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі уәкілетті орган болып анықталды, (одан әрі – уәкілетті орган).

2. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      3. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) тұрғын үй көмегiн уәкiлеттi органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар колданылатын түбіртек-шот ("Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес 9) тармақша 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін колданыста болады).
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 7.11.2013 N 17-2 (26.11.2013 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 17.04.2014 N 23-3 шешімдерімен (алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Ұсынылған құжаттарды қарастыру қорытындылары бойынша атқарушы орган құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк он күннiң iшiнде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе бас тартқандығы туралы шешiм қабылдайды да, өтініш берушіге жазбаша түрде хабар береді.
      5. Коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемiнiң тарифтерiн және нормаларын қызмет берушiлер ұсынады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу

      6. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеу бойынша уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7412 тіркелді) № 471 бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

4. Қаржыландыру және төлеу

      7. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
      8. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейлі банктердің бөлімшелері арқылы аудару жолымен жүргізіледі.

Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аккайынском районе

Решение маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 27 июня 2013 года N 12-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 31 июля 2013 года N 2342. Утратило силу решением маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 29 ноября 2016 года № 7-10

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 29.11.2016 № 7-10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", маслихат Аккайынского района РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аккайынском районе.
      2. Данное решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель
      ХII сессии V созыва Х. Каскербаев
      Секретарь маслихата
Аккайынского района
К. Курманбаев
      "СОГЛАСОВАНО":
      Руководитель
государственного учреждения
      "Аккайынский районный
отдел занятости и
социальных программ"
Е. Галыгина
      Руководитель
государственного учреждения
      "Аккайынский районный
отдел жилищно-коммунального
хозяйства, пассажирского
транспорта и автомобильных
дорог"
В. Бабинов
      Руководитель
государственного учреждения
      "Аккайынский районный
отдел экономики и финансов"
Е. Гонтарь

  Утверждены
решением маслихата
Аккайынского района
от 27 июня 2013 года № 12-2

Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в Аккайынском районе
1. Общие положения

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим на территории Аккайынского района на оплату:
      расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме (абзац действует до 1 января 2014 года в соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года № 1316 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи").
      Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками
      счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома
      (жилого здания), согласно смете, определяющей размер ежемесячных и
      целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания), а также
      по предъявленному поставщиком счету на оплату стоимости
      однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не
      ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода
      электроэнергии по времени суток, устанавливаемого взамен однофазного
      счетчика электрической энергии с классом точности 2,5, находящегося в
      использовании в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме, за счет бюджетных средств лицам,
      постоянно проживающим в данной местности (абзац действует до 1 января 2014 года в соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года № 1316 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи").
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно–допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.
      Доля предельно-допустимых расходов является отношение предельно–допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) для жителей Аккайынского района устанавливается в размере 10 процентов.
      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 3.11.2015 № 36-5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи определено государственное учреждение "Аккайынский районный отдел занятости и социальных программ", (далее - уполномоченный орган).

2. Порядок оказания жилищной помощи

      3. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган с заявлением, и представляет следующие документы:
      1) копию документа, удостоверяющего личность заявителя;
      2) копию правоустанавливающего документа на жилище;
      3) копию книги регистрации граждан либо адресную справку, либо справку сельских и/или аульных акимов, подтверждающую регистрацию по постоянному месту жительства заявителя;
      4) документы, подтверждающие доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;
      5) счета о размерах ежемесячных взносов на содержание жилого дома (жилого здания);
      6) счета на потребление коммунальных услуг;
      7) квитанцию-счет за услуги телекоммуникаций или копия договора на оказание услуг связи;
      8) счет о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленный местным исполнительным органом;
      9) квитанцию – счет стоимости однофазного счетчика электрической энергии с классом точности не ниже 1 с дифференцированным учетом и контролем расхода электроэнергии по времени суток проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах), индивидуальном жилом доме (подпункт 9) действует до 1 января 2014 года в соответствии с Постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2012 года № 1316 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи").
      Сноска. Пункт 3 в редакции решения маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 7.11.2013 N 17-2 (вводится в действие с 26.11.2013); с изменением, внесенным решением маслихата Аккайынского района Северо-Казахстанской области от 17.04.2014 N 23-3 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      4. По результатам рассмотрения представленных документов уполномоченный орган в течение десяти календарных дней с момента сдачи документов выносит решение о назначении или отказе в жилищной помощи, о чем письменно извещает заявителя.
      5. Тарифы и нормы потребления коммунальных услуг предоставляют поставщики услуг.

3. Исчисления совокупного дохода семьи (гражданина),
претендующей на получение жилищной помощи

      6. Совокупный доход семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, исчисляется уполномоченным органом по назначению и выплате жилищной помощи за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи на основании приказа Председателя Агенства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно–коммунального хозяйства от 5 декабря 2011 года № 471 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина), претендующей на получение жилищной помощи, а также на предоставление жилища из государственного жилищного фонда или жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7412).

4. Финансирование и выплата

      7. Финансирование выплат жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год.
      8. Выплата жилищной помощи осуществляется через отделения банков второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей.